Тұмау туралы сауалдарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы Мейірім Сұлтановаға қояр сауалымыз бар. Қазір елімізде тұмауға қарсы күрес жүріп жатыр десек болады. Мысалы, екпе салу. Халық қаншалықты осы бастаманы қабылдайды әрі қаншалықты белсенділік танытуда? 2 сұрақ. Вакцина салу жырға айналған кезді де білеміз. Талай ел керек емес деді. Адам ағзысына зиян дегенді де айтты. Жалпы салдырған қаншалықты пайдалы? 3 сұрақ. Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер ала алады және қай жерлерде салдыру мүмкін? 4 сұрақ. Ал жұрт ақылы түрде ектірсе қанша төлейді? 5 сұрақ. Негізі тұмауды ешкім елей бермейді. Бұл қаншалықты қауіпті дерт, арты қайғыға айналған жағдайлар көп тіркеле ме?