Атырау — қара алтынның ғана емес, үлкен құрылыстың да мекеніне айналып келеді.
Қалада Бейбітшілік және келісім сарайы мен жаңа архив кешені бой көтерді. Мұнда концерт және кино залдары, музей, көрме кеңістіктері, тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана қарастырылған.
Бірақ Атырауда құрылыс салу оңай емес. Жайықтың жақындығы мен жер асты сулары мамандарға әр жобада ерекше инженерлік шешім қолдануға мәжбүр етеді.
Өркен ықшамауданында күніне 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынып жатыр. Қазір №4 қалалық емханаға 57 мыңнан астам тұрғын тіркелген.
Өрлеуде 600 орындық жаңа мектеп бой көтеруде. Ал Еркінқалада 6 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынып жатыр.
«Халықтық құрылыс» бағдарламасының жүргізушісі Риат Шони Атырауға арнайы барып, құрылыс алаңдарын аралап, қаланың қалай өзгеріп жатқанын өз көзімен көрді.
Тегтер #халықтық құрылыс #Жайық #құрылыс жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz