RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің кейбір аймағында ауа райы тұрақсыз болады

20.04.2026, 07:00 24

Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтайды, деп хабарлайды 24KZ «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.

Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15–23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10–18 градус жылы болады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17–28 градусқа дейін жылынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz