Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екі жақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Әзербайжан #жеделхат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz