Зейнетақы қорындағы қаражат есебінен ипотеканы өтеу қызметі қайта қолжетімді болды.
Енді бұл жүйе арқылы негізгі қарызды ғана жабуға болады. Ал мемлекет тарапынан салымшыларға берілетін сыйақы көлемі биыл артты.
Наурыз айынан бастап ипотеканы зейнетақы қорындағы артылған қаражаттың көмегімен өтеу тәртібі өзгерді. Енді бұл қаржы көзі арқылы қарыздың негізгі бөлігін ғана жабуға болады. Ал банк қосқан пайыз бен өсімпұл сияқты өзге шығындарды азаматтар өз қалтасынан төлейді. Бұл өзгеріс Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан енгізіліп отыр. Дәл осы операцияны жүзеге асыруға арналған enpf-otbasy.kz платформасы ақпан айы бойы жұмысын тоқтатқан еді. Өйткені сайт пен мобильді қосымшаны жаңа талаптарға бейімдеу үшін осынша уақыт жұмсалған. Енді қызмет түрі қолжетімді.
Даубек Керімбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы:
- Біздің өзгертіп жатқан бөлігіміз сіздің төлемдерді қолдану барысында сіздің сомаңыз банктің пайызына төленбейді. Тек сіздің негізгі борышыңызды жабады. Тиісінше сіздің ай сайынғы төлейтін төлеміңіз қысқарады немесе негізгі борышыңыз қысқарады, айыңыз қысқарады.
Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі өзгерді

Баспана нарығында банктер бәсекесі артады
Баспана нарығында банктер бәсекесі артады. Енді тұрғын үй депозитін кез келген екінші деңгейлі банктен ашып, қаражат жинап, ипотека рәсімдеуге болады. Тиісті заңға осындай өзгеріс енгізілді. Сарапшылар айтуынша, бұл жүйе тұтынушылар үшін қолайлы. Өйткені таңдау мол. Ал банктер өзара бәсекенің нәтижесінде бағдарлама шарттарын жеңілдетуі ықтимал. Дегенмен, мемлекет тарапынан жыл сайын берілетін сыйақы барлық банкке қатысты емес. Ол бұрынғыдай ұлттық даму институтының салымшыларына ғана арналады.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Ипотека нарығындағы банктер санының көбеюі, бірінші кезекте, бәсекелестікті арттырады да, өз кезегінде банктер арасындағы ставкалардың төмендеуіне де мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы - қызмет сапасы мен жылдамдығы. Яғни, өңірлерде көбіне азаматтарда екінші банктер тарапынан үйді, пәтерді рәсімдеу өте қиын болса, енді ол үлкен жеңілдік болады.
Мемлекеттік сыйақы мөлшері артады
Мемлекеттік сыйақы демекші, бұл төлем мөлшері тағы артады. Биыл әрбір салымшы үшін 157 мың теңгеге дейін берілгені белгілі. Енді келер жылы 173 мың теңгеге дейін алуға болады. Оның сомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуімен байланысты. Максималды сыйақы алу үшін салымшылар бір жыл ішінде депозитке 865 мың теңге жинақтау қажет.
Тегтер #бұл нарық #Таңдаулы #ипотека #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz