RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде инфляция баяулап келеді

07.10.2026, 19:00 342

Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдеп келеді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен айда жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3 пайызға дейін баяулады. Оған азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі себеп болған. Мәселен, қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1 пайыз арзандап, нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5 пайызға дейін бәсеңдеген. Оның аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7 пайызға өсіпті. "Осылайша, инфляцияның төмендеуі қымбатшылықтың қыспаққа алуын азайтады", - дейді жауаптылар. Айта кетейік, инфляцияны тежеу - халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz