Қазақстанның алдағы жылды «Құрылыс жылы» деп жариялауы түрік кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Еуразия экономикалық қатынастар қорының төрағасы, экономист-сарапшы Хикмет Эрен осылай дейді. Оның пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуына бағытталған байыпты бастамаларды айқындап берді. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің құрылыс нарығында түрік мердігерлік компаниялары жалпы құны 30 млрд доллардан асатын жобаларды жүзеге асырған. Бұл Қазақстанның түрік құрылыс компаниялары үшін маңызды нарыққа айналғанын аңғартады. Құрылыс жылы аясында екі елдің саладағы ынтымақтастығы одан әрі кеңейіп, Қазақстанның инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға серпін береді.
Хикмет Эрен, Еуразия экономикалық қатынастар қорының төрағасы, экономист-сарапшы:
- Қазақстанның қазіргі экономикалық әлеуетіне көз жүгіртсек, жалпы ішкі өнімі шамамен 400 млрд долларға жуықтағанын көреміз. Ал әлемдік экономиканың даму қарқыны 1,5-2% шамасында болса, Қазақстан экономикасы 4 пайыздық өсімге ие. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына Жолдауында 2027 жылға белгілеген мақсаттары бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізеді деп сенемін. Ал құрылыс саласы бойынша екі елдің бірлескен жобалары өте көп.
Тегтер #жолдау 2026 #Қазақстан #Түркия #24KZ #халықтық құрылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz