RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның халықаралық резервтері 130 млрд долларға жуықтады

09.11.2026, 19:00 87

Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш үштен бірге өскен

Былтырдың қорытындысы бойынша елдің жиынтық резервтері 129 миллиард доллар болды. Оған Ұлттық банктің активтері мен Ұлттық қордың валюталық қаражаты кіреді. Өсімнің негізгі бөлігін Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қамтамасыз етті. Бес жылда олардың көлемі екі есеге жуық артып, 36 миллиардтан 65 миллиард долларға жеткен. Бюджетке тұрақты түрде трансферт бөлінгеніне қарамастан Ұлттық қордың активтері де ұлғайды. Осы кезеңде қордың инвестициялық кірісі 16 миллиард доллардан асты. Активтерді басқарудан түскен кіріс пен қорға түсетін түсімдер бюджетке алынған қаражаттың орнын толтырып, ел резервтерінің өсімін сақтауға мүмкіндік берді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІ 

129,3 МЛРД ДОЛЛАР 

БЕС ЖЫЛДАҒЫ ӨСІМ — 37% 

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ РЕЗЕРВТЕРІ — 65,4 МЛРД ДОЛЛАР 

ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ АКТИВТЕРІ — 63,9 МЛРД ДОЛЛАР 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС — 16,1 МЛРД ДОЛЛАР

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz