Астанадағы қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл басынан бері мыңнан астам жағдай тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, ересектер көптеп ауыра бастаған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, елордада тәулігіне 48 жағдайға дейін тіркеледі. Дерт жұқтырғандардың 70%-ке жуығы екпе алмаған. Қазір астанада қосымша егу іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінде 80 мыңнан астам адам екпе алды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz