Қазақстандықтардың көпшілігі алдағы референдумда Жаңа Конституция жобасын қолдауға дайын.
Мұны Қазақстандық қоғамдық даму институтының телефон арқылы жүргізген сауалнамасы анықатады. “Референдумға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?” деген сұраққа отандастарымыздың басым бөлігі, яғни 72,8 пайызы бұл әркімнің азаматтық парызы екенін атап өтті. Респонденттердің 17,9 пайызы әлі нақты шешім қабылдамағанын айтқан. Ал 9,3 пайызы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың 89,2% пайызы Жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді. Оның ішінде 52,8 пайызы жобаны толықтай қолдайтынын, ал 36,4 пайызы жобаны қолдауға бейім екенін жеткізді. Сонымен қатар түрлі себептермен Конституция жобасын қолдамайтындар немесе әлі де нақты шешім қабылдамағандар бар. Олардың үлесі 11 пайызға жуықтайды. Айта кетейік, сауалнама 12-20 ақпан аралығында өтті. Оған елдің барлық өңірінен жасы 18-ден асқан 1200 респондент қатысты.
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСАСЫЗ БА?
ҚАТЫСАМЫН – 72,8%
НАҚТЫ ШЕШІМ ЖОҚ – 17,9%
ҚАТЫСПАЙМЫН – 9,3%
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙСЫЗ БА?
ҚОЛДАЙДЫ – 89,2%
ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ – 52,8%
ҚОЛДАУҒА БЕЙІМ – 36,4%
ҚОЛДАМАЙДЫ/НАҚТЫ ШЕШІМІ ЖОҚ – 10,8%
Тегтер #референдум 2026 #конституциялық реформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz