RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 22 спорт нысаны салынып жатыр

05.03.2026, 13:46 56

Спорт кешендері қалалар іргесіндегі ауылдық округтер мен шалған ауылдарда бой көтереді. 

Бір ғана Махамбет ауданында осындай екі нысанның құрылысы басталды. Ортақшыл ауылында бокс, күрес залдарынан өзге жабық футбол алаңы, волейбол-баскетболға арналған алаңдар болады. Спорт  құралдары және жиһаздармен толық жабдықталады. Жалпы барлық спорт нысандары 2027 жылға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған.   

Нұртай Нәсіпқалиев, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Спорт кешенінде бізде тас қалау жұмыстары жүріп жатыр. Төбесін жабуға дайындалып жатырмыз. Және күн жылынғасын штукатурка, ток жүйелері жүре бастайды. Сыртында абаттандыруы бар. Бұл жерде футбол алаңы бар 2700 квадрат. Баскетбол, волейбол алаңы дайын тұр. 558 квадрат метр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz