RU
Толық нұсқаға өту

Ардагерлер ұйымы жаңа Конституция жобасын қолдайды

05.03.2026, 17:30 49

Ата Заңның заман талабына сай өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Осылай деген «Ардагерлер ұйымының» төрағасы елдегі ақсақалдар қауымы жаңа конституция жобасын қолдайтынын айтады. 

Елордада өткен қоғамдық бірлестіктің кеңейтілген отырысына Орталық кеңес төралқа мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өңір-өңірден келген ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Сөз сөйлеген ұйым мүшелері жаңа Ата Заң жобасындағы егде жастағы адамдарға көрсетілетін көмек түрлеріне ерекше тоқталды. Сонымен бірге бұрынғы конституцияда адам мемлекет үшін қызмет етсе, енді мемлекет халық үшін қызмет ететінін алға тартты. 

Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
-
Жасы 18 жастан асқан жастар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы конституциялық тұрғыда қаралған. Бұл аса маңызды. Сондай-ақ бұдан басқа да біздің зейнеткерлеріміз, егде жастағы адамдарымыз үшін аса керекті бағыттардың бәрі осы Конституцияда қаралып отыр. Оның ішінде 2 млн 300 мыңнан астам зейнеткерлерді қамтитын «Ардагерлер ұйымы» жаңа Заң жобасын қолдайды.

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz