RU
Толық нұсқаға өту

Отандастар Таяу Шығыстан елге қайтып жатыр

05.03.2026, 18:27 29

Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жалғасып жатыр. Air Arabia әуе компаниясының «Шарджа-Алматы» бағытындағы ұшағы елге бет алған. 

Бүгін  осы бағытта тағы бір рейс жоспарланып отыр. Сондай-ақ Air Astana «Жидда-Ақтау-Алматы» және «Жидда-Атырау-Алматы» бағыттары бойынша екі рейс орындамақ. «Маскат-Алматы» бағыты бойынша SCAT Airlines компаниясының екі рейсі жоспарланған. Айта кетейік, түнде Air Astana және Flydubai әуе компаниялары Қазақстанға 5 рейс жасап, елге 851 жолаушыны жеткізген еді. Жалпы 3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға барлығы 12 рейс жасалды. Нәтижесінде 2111 жолаушы елге аман-есен оралды. Бүгінгі жолаушыларды қоса алғанда Таяу Шығыстан шамамен 4000 азамат жеткізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz