RU
Толық нұсқаға өту

Жастар референдумды қолдайды

05.03.2026, 22:47 47

Алматыда Жасанды интеллект жылы аясында Jas Stars атты ауқымды жастар концерті өтті. 

Өнер мен технология үйлескен шараға 5000-нан астам адам қатысты. Қонақтар жанды дауыста ән тыңдап, роботтар шоуын тамашалады. 

Алматыда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған әртүрлі форматтағы басқосулар өтіп жатыр. Бұл концерт – сол шаралардың жалғасы. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері реформалардың маңызын жеткізді. Олар «Елдің дамуы әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын» атап өтті. Кеште эстрада әншілері өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Дидар Ділдәбек, Алматы қаласы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Балуан Шолақта жастарымыз өте көп жиналды. Сонымен қатар бұл жастардың барлығы бүгінгі концерттен кейін арнайы спикерлердің сөздерін ести отырып, осындай патриоттық шараларға қатыса отырып, азаматтық позициясы оянады деп өз басым сенемін. 

Бағдарламада роботтар ерекше орын алды. Концерт барысында Темірбек есімді Robo-DJ заманауи музыканы кәсіби түрде орындап, көрермендерге ерекше драйв сыйлады. Белсенді жастар елдің болашағын айқындайтын үдерістерден тыс қалмайтындарын жеткізді. 

Айназ Құрманбай, студент:

- Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты біздің жастарымыздың дауыс беруі өте маңызды болып есептеледі. Бүгінгі шарада танымал әншілер, жұлдыздар бар. Жастарды осылай басын біріктіріп, жаңа Конституцияның мәнін түсіндіргеніне өте қуаныштымын. 

Қазыбек Темірлан, студент:

- Алдағы 15 наурыз Референдум туралы хабардармыз. Келеміз. Соған байланысты ұйымдастырған концерт өте керемет. 

Жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдум – ел дамуының маңызды кезеңі. Ұйымдастырушылар Алматы тұрғындарын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, ел болашағын айқындау мақсатында саналы таңдау жасауға шақырды.

Авторы: Гүлжан Көленқызы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz