RU
Толық нұсқаға өту

Оралда «Мерген ару–2026» сайысы басталды

05.03.2026, 23:29 34

Орал қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Мерген ару – 2026» облыстық ашық біріншілігі басталды. 

Сайыс пневматикалық мылтық атудан ұйымдастырылып, оған аудан-қалалардан 14-17 жас аралығындағы 42 мерген қыз қатысуда. Жалпы саны 11 команда бақ сынап жатыр. Облыстық Білім басқармасы ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты – Әлия Молдағұлованың ерлігін насихаттау және жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша үздік мергендер анықталып, жеңімпаздар марапатталады. 

Дархан Ибраев, облыстық балалар туризмі орталығының бөлім басшысы:

- Екеуінің қосарланған нәтижесінде жеңімпаз ару қыздарымыз анықталатын болады. Осы біріншіліктің нәтижесінде облыс құрама командасы жасақталып, осы биылғы жылы Ақтөбе қаласында өтетін республикалық біріншілікке жолдама алмақ. 

Қарақат Есенболат, жарысқа қатысушы:

- Бұл «Мерген ару» жарысы қыздарды патриоттық рухқа және сабырлыққа, дәлдікке үйретеді деп ойлаймын. Бұл жарыста барлық командаларға сәттілік тілеймін, ал бізге жеңіс тілеймін және осы жарыста бар күшімізді салып нәтижеге жетуге тырысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz