RU
Толық нұсқаға өту

Референдум барысын «Халық үні» бақылайды

05.03.2026, 23:49 55

Жалпыхалықтық референдум барысын «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы да қадағалайды. 

Алматының белсенді азаматтарының бастамасымен құрылған топ Астана, Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қаласында жұмыс істейді. Дауыс беру учаскелерін қадағалап, тәртіп бұзу фактілері болса тіркеп, хаттама толтырады. Ол үшін мыңнан аса ерікті жиналып, қысқа мерзімді оқыту курсы жүргзіліп жатыр. Байқаушы куәлігі табысталғаннан кейін референдум күні учаскелерге жіберіледі. Айта кетейік, байқаушы - ерікті қызмет болғандықтан ақы төленбейді. Олардың мақсаты – дауыс беру барысын қадағалап, елдегі саяси науқанға үлес қосу. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

- Осындай тәуелсіз бақылаушылардың тобын жасақтап, бұған дейінгі электроралды процесстерге де қатысқанбыз. Сол тәжірибемізге сүйеніп, осы жолы да ел ішінде болып жатқан оқиға болғаннан кейін, саяси процесс болғаннан кейін қарап жатпайық дедік. Оның үстіне біздің тәуелсіз бақылау тобын ұйымдастыруда тәжірибеміз жеткілікті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz