Атырау облысы Құлсары қаласында су тазарту станциясы салынып жатыр. Аудан халқы үшін жобаның маңызы зор.
Өйткені 2 жылдан бері судың сапасына қатысты қала тұрғындарынан шағым көбейген. Осыны ескерген жергілікті билік су тазарту станциясының құрылысын бастады. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, жаңа нысан мамыр айында пайдалануға беріледі.
Су тазарту станциясы құрылысының қазір 85 пайызы аяқталған. Жауаптылардың сөзінше, жүйе толық автоматтандырылады. Одан кейін тәулігіне 18 мың текше метр су осы жерден тазартылып, аудан халқына жіберіледі. Жаңа станцияның құрылысы былтыр жазда басталған. Қазір негізгі жұмыстар аяқталып, тазарту қондырғылары автоматтандырылған жүйеге қосылып жатыр. Құрылысқа 20 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Мұнда су үш кезеңмен тазартылады.
Мерей Ізбасаров, Мердігер мекеменің бас инженері:
- Келген суға өзінің дозалары қосылады. Қосылғаннан кейін үлкен машинадан бір рет өтеді. Су тазаланып, резервуарға құйылады. Резевуардан ішке қарай келеді. Іште песочный фильтр бар. «Песочный фильтр» – екінші кезең. Екінші кезеңнен өтіп, үшінші кезең – мынау. Үшінші кезеңге өткенде, ең негізгі тазалау қондырғысы – осы. Суды тап-таза қылып шығаратын болады.
Құлсары қаласының сұранысы тәулігіне 15 мың текше метр су. Жаңа станция қаланың қажеттілігін толық өтей алады. Бұған дейін пайдаланылған судың сапасына қатысты шағым осы жобаны жүзеге асыруға себеп болды,- дейді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
- 2024 жылы «Магистралды су ағызғысы» компаниясы Қиғаштан Құлсары қаласына, Жаңаөзенге жаңа диаметрлік трубаны ауыстырған кезеңде сапасыз су халыққа берілген болатын. Сол кезде дереу осы шешімді қабылдап, оларға тәуелді емес жаңа су тазарту қондырғысын жобалап, сол жұмыстарды қазір жүзеге асырып жатырмыз.
Жобаның құны 6 млрд теңгеге жуықтайды. Станцияның құрылысы мамырда аяқталып, пайдалануға беріледі.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Матенов, Жандос Рахметуллин
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #су станциясы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz