Қызылорда облысында жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын ерекше форматтағы плоггинг шарасы өтті.
Экологиялық акция барысында Сырдария өзенінің жағалауынан 1,3 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Бастамаға 55 мектеп, су шаруашылығы мамандары мен ЮНИСЕФ еріктілері атсалысты. Келесі кезең 22 сәуірде өтеді. Игі бастамаға Қызылорда қаласы, Арал және Қармақшы аудандарынан тағы 45 мектеп үлес қосады деген жоспар бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #ҚызылордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz