Инвесторлардың Қазақстанға келуі жеңілдей түсті.
Инвесторлар, бизнесмендер мен өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібі оңтайландырылуда. Инвестициялық режим аясында түрлі жеңілдіктер ұсынылып отыр. Инвесторлар мен кәсіпкерлер инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін де пайдалана алады. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына жеңілдетілген шарттар қолжетімді. Яғни ІТ саласы, оның ішінде жасанды интеллект инженері, ақпараттық жүйе мамандарына қажеттілік басым. Сонымен қатар денсаулық сақтау, креативті индустрия, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында сұраныс жоғары. Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарынсыз еркін жұмысқа орналаса алады. Дәл осындай қағидат бойынша қазақстандықтар да одаққа мүше елдерде еңбек етіп жүр. Жыл басынан бері жоғары сұраныстағы мамандықтар бойынша елге шетелдік жұмыс күшін тартуға 5,1 мың рұқсат берілді. Еңбек иммигранттарына шамамен 75 мың рұқсат рәсімделді. Биыл шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 23,6 мың, ал еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адамды құрайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инвесторлар #бизнесPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz