RU
Толық нұсқаға өту

Батыс Қазақстанда алименттен жалтарып жүргендермен күрес күшейді

20.04.2026, 08:15 29

Полиция, прокуратура және жеке сот орындаушылары бірлесіп рейдке шығып, қазірдің өзінде ондаған борышкерді жауапқа тартқан.

Қарызы қордаланғандарды тек жазалап қана қоймай, оларды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралып жатыр.

Орал қаласының тұрғыны Ержан Жұмағалиев жұбайымен ажырасқалы жарытып жұмыс істемеген екен. Соның салдарынан алимент үшін миллиондаған теңге бережақ болыпты. Қазір ол өз мамандығы бойынша құрылыс компаниясына жұмысқа орналасты. Қарыздарынан біртіндеп құтылып келеді.

Ержан Жұмағалиев, Орал қаласының тұрғыны:

- Мен сот орындаушысынан көмек сұрадым. Маған ақпан айында еңбек жәрмеңкесіне жолдама берді. Сол жерде өзіме лайықты қызмет таптым. Екі айдан асты жұмыс істеп жатқаныма. Ай сайын жалақымның жартысын алиментке аударамын. Жұмыс көңілден шығады. 

Жұмысссыздарды еңбекпен қамтуда алиментке қарызы барлар бірінші кезекте ескеріледі. Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесі арқылы жұмысқа орналасқан 161 адамның басым бөлігі - борышкерлер. Алайда ұсынған жұмысқа кіргісі келмейтіндер де кездеседі.

Әділ Нұрмұханов, БҚО прокурорының аға көмекшісі:

-  Алименттен жалтарғандар жандарға жаза қатал. 15 борышкерге Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінен сот шешімімен 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, тараптардың татуласуына байланысты 2 іс қысқарды. 10 іс бойынша процесс жүріп жатыр. Алимент төлемей жүрген 81 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Борышкерлерге бақылау жол бойында да күшейген. Қарыздар  тұлғалардың көлігі рейд барысында «SunkarSmartQorgau» автоматты тану құрылғысы арқылы тауып тоқтатылады. Тек қана жыл басынан бері мыңдаған автомобиль ақылы тұраққа жіберіліпті.

Мейіржан Тілекқабылов, Патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

- Ағымдағы жылдың жүйе арқылы 2852  жүргізушінің 20 миллион теңгеден астам берешегі өндірілді. Оның басым бөлігі асырау төлемін төлемей жүрген - жүргізушілер. Сонымен қатар 596 автокөлік айып тұрағына қойылды. 21 автокөлік жалған көрнеу мемлекеттік тіркеу нөмірін тіркеген.

Автокөліктер аталған азаматтар айыппұл тұрағынан айып жаңағы төлемдерін төлегеннен кейіннен кейін барып шығарылатын болады.

Қабылданған шаралар арқасында өңірде 180 млн теңге алимент өндірілген. Дегенмен алимент мәселесі әлі де өзекті.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Қалыбек Ақрап, Эльдар Аюпов, 24KZ, Орал.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz