RU
Толық нұсқаға өту

Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден озды

20.04.2026, 09:30 37

Қазақ поэзиясында жасындай жарқылдап, өшпес із қалдырған тау тұлғаның шығармалары әлемнің 50-ден аса тілінде жарық көрген. Ол қазақтың қара өлеңін өзгелерге мойындатқан ақын.

Ол құр жыр жазып қана қойған жоқ әр сөзін ісімен дәлелдей алды. 86 жылғы желтоқсан оқиғасы, содан кейін Арал теңізінің проблемасын алғаш көтерген тұлға. Бұлар жөнінде тек мінберден айтып қана қойған жоқ, осы жолда күресті. Ана тілінің тағдыры үшін де арпалысты. Ол ақын ғана емес, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері. Көптеген Халықаралық сыйлықтарды иеленді. Шетелдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры атанған. Ең бастысы халқының құрметін көрді. Оның өлеңдерін балаға дейін жатқа айтады. Ақынның сөзі, қайсар келбеті халықтың жадында мәңгі сақталады.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz