Жолаушылар ұшақтың ішінде жоғары жылдамдықты спутниктік WI-FI-ды тегін пайдалана алады.
Бұл қызмет бүгіннен бастап Эйр Астана компаниясының әуе кемелерінде қолжетімді. Бұны елдің Көлік министрлігі хабарлады. Алғаш болып тегін интернетті "Алматы - Ташкент" бағытына қатынайтын рейс жолаушылары пайдаланып көрді. Промо-кезең 31 қаңтарға дейін жалғасады. 1 ақпаннан бастап WI-FI-ға тек бизнес-класс жолаушылары және Nomad club бағдарламасының gold пен diamond мәртебесі бар мүшелері ғана қосыла алады. Көлік министрлігі елде ұшақтарды жоғары жылдамдықты интернет жүйесімен жабдықтау жалғасатынын хабарлады.
Тегтер #Қазақстан #ұшақ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz