RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда құтқарушыларға жаңа пәтер кілті табыс етілді

08.11.2026, 09:36 112

Алматылық құтқарушылар жаңа пәтерге ие болды.

Тұрғын үй кешені «Құтқарушылар үйі» деп аталады. Екі қабатты таунхаус қаланың Бостандық ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің жанында орналасқан. Пәтерлер қажетті жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталған. Оған қоса  автотұрақ орыны, шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы және отбасылық демалысқа арналған орын қарастырылған. Яғни қызметкерлер мен олардың жақындарының жайлы тұруына  қажетті жағдай жасалған.  Жоба жеке қор есебінен жүзеге асырылды. Игі бастама жалғасын тауып, құтқарушыларға арналған жаңа үйлер Ақмола облысында пайдалануға беріледі. 

Ерлан Нұрлыбаев, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ бөлім басшысы:

- «Қазселденқорғау» мекемесінде 20 жылдан астам жұмыс істеймін. Таулы жерде біздің жұмыс. Құтқару кезінде әртүрлі жағдайлар болады. Қыстың күні қар көшкінінен қорғаймыз, көктемде лай көшкіндері болады. Жаздың күні су тасқынынан. Біздің министрлік біздің еңбекті бағалап, Төтенше жағдай министрлігінен бүгін міне осындай пәтердің кілтін алып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz