RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ONAY жүйесінен ақау шықты

09.11.2026, 13:10 123

Бүгін таңертең алматылықтар жұмыс пен сабаққа кешігіп жетті. Бұған метро станцияларындағы турникеттерге орнатылған ONAY жүйесіндегі техникалық ақау себеп болды. Жолаушылар қоғамдық көліктегі қолайсыздық туралы әлеуметтік желілерде жазды.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі де жүйеде ақау болғанын растады. Мекеменің мәліметінше, таңғы сағат 6:30-дан бастап метроның барлық станциясында жолаушылар жолақысын мобильді қосымшадағы QR-код арқылы төлей алмаған. Соның салдарынан станцияларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық ақау таңғы сағат 9:30-да толық жойылып, жүйе қалыпты жұмыс режиміне көшкен. Сонымен қатар ONAY және өзге де банк карталары мен басқа төлем қосымшалары арқылы есеп айырысу тоқтамаған. Метрополитен өкілдері жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz