Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Құжатта пантеон аумағында жерленетін қайтыс болған немесе қаза тапқан тұлғалардың лауазымдар тізімі жаңа редакцияда бекітілді, деп хабарлайды «24KZ».
Пантеонда жерленуге жататын тұлғалардың қатарында мыналар бар:
ҚР вице-президенттері, ҚР Премьер-Министрлері мен олардың орынбасарлары, ҚР Құрылтайының төрағалары мен олардың орынбасарлары, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары мен олардың орынбасарлары, ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары;мемлекеттік хатшылар, ҚР мемлекеттік кеңесшілері, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылары, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және Ұлттық Банкінің төрағалары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарлары;
министрлер, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері.
ҚР Президентінің ерекше шешімімен Қазақстанның өзге азаматтары да Пантеонда жерленуі мүмкін.
Аталған тұлғаларды жерлеу рәсімін ұйымдастыру марқұмның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бастамасымен жүзеге асырылады. Бұл міндет елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
Тегтер #үкімет #ұлттық пантеон #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz