RU
Толық нұсқаға өту

Таяу Шығыста әуе қатынасы тоқтап тұр

03.03.2026, 19:00 130

Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі салдарынан 11 мыңнан астам әуе рейсі тоқтады.

The Guardian басылымының мәліметінше, кемінде 1,5 миллион жолаушы сапарын өзгертуге мәжбүр болды. Халықаралық бағыттармен қатар, өңір ішіндегі рейстер де жаппай кейінге шегерілді. Дубай, Доха және Абу-Даби секілді ірі әуе тораптары бірнеше күн бойы шектеулі режимде жұмыс істеп келеді. Emirates пен Flydubai компаниялары да рейстерінің едәуір бөлігін уақытша тоқтатты. Еуропадан Азияға қатынайтын ұшақтар қауіпсіз бағыттар арқылы ұшуға мәжбүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz