RU
Толық нұсқаға өту

Түркияға атылған зымыран нысанасына жетпеді

05.03.2026, 07:45 103

Иран Түркияға баллистикалық зымыран атты.

Бірақ діттеген жеріне жетпеген. Бұл туралы Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлады. Хабарға қарағанда, зымыран Ирак пен Сирия әуе кеңістігі арқылы Анкараға бет алған. Бірақ НАТО және зымыранға қарсы қорғаныс күштері дер кезінде тосқауыл қойып, әуеде қағып түсірді. Қалдықтары Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясына түскен. Адам шығыны жоқ. Түркия билігі Анкарадағы Иран елшісін шақырып, дипломатиялық наразылық білдірді. Сонымен қатар сыртқы істер министрі Хакан Фидан ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлессе, президент Ердоған мәселенің бұдан әрі ушығуына жол бермеу керектігін ескертті.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Аймақтағы қазіргі қиын кезеңде еліміздің шекарасы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін толық бақылауда ұстаймыз. Кешегі оқиғадан кейін НАТО одақтастарымызбен тығыз байланыста болып, қажет болса тиісті шара қабылдаймыз. Мұндай жағдайдың бұдан былай қайталанбауы үшін қатты ескертеміз. Ел мен халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz