RU
Толық нұсқаға өту

Ирак: Соғысқа араласпаймыз

05.03.2026, 08:21 91

Ирак ішкі тұрақтылықтың шайқалуына жол бермейміз, ешқандай соғысқа араласпаймыз деп отыр.

Бұл туралы Ирак премьер-министрі Мұхаммед әс-Судани мәлімдеді. Оның айтуынша,  ең алдымен ұлттық мүдде ескерілуі тиіс. Сондықтан Ирак үкімет басшысы кей провинциялардың қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін жұмыстан босатты. Кейінгі ақпарат бойынша олар көрші елдерге соққы беруге әрекет қылған. Бұған дейін Ирактағы күрдтер АҚШ-пен Иранға шабуыл жасау туралы талқылағаны белгілі болды. Бұған жауап ретінде Тегеран Ирак аумағын дрондармен атқылап жатыр. Өткен түні ұшу аппаратының сынықтары тұрғын үйге түскен. Бұдан бөлек тұрақта тұрған көліктер бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz