RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға шабуылды үдетеді

05.03.2026, 08:33 75

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Иранға қарсы шабуыл күшейеді деп мәлімдеді.

Пит Хегсет Пентагонда өткен брифингте АҚШ пен Израиль күштері Иран әуе кеңістігінде толық үстемдік орнатуға жақындағанын айтты. Министрдің сөзінше, бұл тәулік бойы зымыран жүйелеріне, қорғаныс инфрақұрылымына және әскери басшылыққа дәл соққы беруге мүмкіндік береді.

Пит Хегсет, Пентагон басшысы:

- Алдағы бірнеше күн ішінде әлемдегі ең қуатты екі әскери-әуе күштері Иран әуе кеңістігін толық бақылауға алады. Бұл қарсылас тараптың еш қарсылығынсыз тәулік бойы ұшып, Иран армиясының зымыран жүйелерін, қорғаныс өнеркәсібін және әскери басшыларын нысанаға аламыз деген сөз. Бұл науқан Израильдің Иранға қарсы бұрынғы операцияларынан жеті есе қарқынды. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды соққылар жасалады. 

Пентагон басшысы АҚШ-тың сүңгуір қайығы Үнді мұхитында Иранның әскери кемесін торпедамен суға батырғанын растады. Шри-Ланка сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша кемеде шамамен 180 адам болған. Бұдан бөлек, брифингте АҚШ-тың Қарулы күштері генералы Дэн Кейн кейінгі уақта Иран тарпанынан атылған зымырандар саны азайғанын мәлімдеді.

Дэн Кейн, АҚШ Қарулы Күштері біріккен штаб комитетінің төрағасы:

- Соғыс басталған алғашқы күнмен салыстырғанда Иранның баллистикалық зымырандары 86 пайызға азайды. Тек соңғы 24 сағаттың өзінде бұл көрсеткіш тағы 23 пайызға төмендеді. Ал бір бағытта ұшатын шабуылдаушы дрондардың саны бастапқы күндермен салыстырғанда 73 пайызға қысқарды. Енді операция Иран аумағының ішкі бөлігіне қарай кеңейіп, соққылар біртіндеп елдің терең аймақтарына бағытталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz