RU
Толық нұсқаға өту

Иранға жаңадан жасалған шабуылдан 20 адам қаза тапты

06.03.2026, 23:29 309

Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласының маңында әуе шабуылынан 20 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланған.

 "Фарс" агенттігінің хабарлауынша, снарядтар Зибашахр ауданындағы жедел жәрдем стансасы мен балалардың ойын алаңына түскен. Зардап шеккендердің көбі ауыр халде. Шабуыл жасалған орынды полиция қоршауға алған. Ресми Тегеран аталған соққыны АҚШ пен Израиль жасады деп айыптады. Ал Вашингтон "Біз тек әскери нысандарды шабуылдап жатырмыз" деп ақталып әлек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz