RU
Толық нұсқаға өту

Иранда жедел жәрдем ғимаратына бомба түсті

10.03.2026, 09:29 253

Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласының маңында әуе шабуылынан 20 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланды. 

«Фарс» агенттігінің хабарлауынша, снарядтар Зибашахр ауданындағы жедел жәрдем стансасы мен балалардың ойын алаңына түскен. Зардап шеккендердің көбінің халі нашар. Шабуыл жасалған орынды полиция қоршауға алған. Ресми Тегеран аталған соққыны АҚШ пен Израиль жасады деп айыптады. Ал Вашингтон «Біз тек әскери нысандарды шабуылдап жатырмыз» деп ақталып әлек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz