RU
Толық нұсқаға өту

Иранда 92 мыңнан астам азаматтық нысан қираған

28.03.2026, 08:00 235

Таяу Шығыста қақтығыстар басталғалы бері Иранда 92 мыңнан астам азаматтық нысан қираған.

Оның 71 мыңнан астамы тұрғын үйлер. Кейінгі мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны күннен күнге артуда. Кейінгі соққы тұрғын үйлер көптеп орналасқан ауданға тиген. Салдарынан бір түнде Исфахан қаласында кемі 26 адам қаза болды. Шабуылдардан Кум қаласы да зардап шеккен. Әуе соққылары нәтижесінде онда 18 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақат алған. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді 6 сәуірге дейін кейінге қалдырғанын мәлімдеген еді. Иран тарапы келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz