Доминикан Республикасының билігі 1,6 тоннаға жуық кокаин тәркіледі. Бұл туралы Есірткіні бақылау жөніндегі елдің Ұлттық басқармасы хабарлады.
Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, Педерналес провинциясының жағалауындағы қайықта 1670 есірткі қаптамасы табылған. Операцияға Әскери--теңіз, әуе және құрлық күштері, сондай-ақ барлау қызметтері мен прокуратура қатысты. Олар қайықты қолға түсіру үшін нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізген. Алайда күдіктілер көлік құралын тастап, құзырлы орган өкілдеріне қарсы күш көрсетіп, ұлттық саябақ аймағында жасырынған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өңірде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #доминикан #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz