RU
Толық нұсқаға өту

Малайзияда өрттен 9 мың адам үйсіз қалды

19.04.2026, 17:55 64

Малайзияда алапат өрттен 1 мыңнан астам үй қирап, 9 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. 

Қызыл жалын Сабах штатындағы ауылдардың бірінде тығыз салынған ағаш үйлерді шарпыған. Оқиға орнына ондаған өрт сөндіру көліктері жіберілді. Алайда тар көшелер құтқарушылардың жұмысын қиындатты. Бұл аймақта негізінен тұрмысы нашар отбасылар тұрады. Үйлердің көпшілігі тез тұтанатын материалдан тұрғызылған. Зардап шеккендер уақытша көмек көрсету орталықтарына орналасты. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz