Италия вице-премьері ЕуроОдақты Ресейден мұнай мен газ жеткізуді қайта жандандырып, санкциялардан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Euronews мәлімдеді.
Маттео Сальвинидің айтуынша, Еуропа мектеп, аурухана және кәсіпорындар жабылып қалмау үшін энергетикалық саясатты қайта қарауға тиіс. Саясаткер осы тұрғыда АҚШ-тан үлгі алуды ұсынады. Тақауда Вашингтон 2026 жылдың 17-ші сәуіріне дейін танкерлерге тиелген ресейлік мұнайды сатып алуға келісім берді. Ақ үй басшысы бұл шешімді шикізат бағасының қымбаттауына байланысты қабылдады. Алайда Иран, Куба және Солтүстік Кореяға қара алтын сатуға әлі де рұқсат жоқ. ЕуроОдақ 2022 жылы Ресей мұнайына қарсы санкциялар енгізген еді.
Тегтер #мұнай #санкция #газ #Ресей #ИталияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz