Бразилия президенті сайлауда жеңіске жетті. Луис Инасиу Лула да Силва төртінші мерзімге қайта сайланды. Елдің Жоғарғы сайлау сотының алдын ала мәліметіне сәйкес ол шамамен 52 пайыз дауыс жинаған, деп хабарлайды 24KZ.
Ал оның қарсыласы, сотталған экс-президент Жаир Болсонарудың ұлы, сенатор Флавиу Болсонаруды сайлаушылардың 49 пайызға жуығы қолдаған. Сайлау екі кезеңмен өтті. Лула да Силва бірінші кезеңде жеңіліс тапқан болатын. Ол Бразилия тарихында бірінші кезеңде артта қалып, екінші кезеңде жеңіске жеткен алғашқы үміткер. 80 жастағы саясаткердің жаңа президенттік мерзімі келесі жылдың 5 қаңтарында басталады.
Тегтер #Бразилия #президент #қайта сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz