RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Зеландияда парламент сайлауы аяқталды

08.11.2026, 07:30 116

Алдын ала мәлімет бойынша Премьер-министр Кристофер Лаксон жетекшілік ететін Ұлттық партия көш бастап тұр.

Партия сайлаушылар дауысының шамамен 29 пайызын жинаған. Крис Хипкинс бастаған Лейбористік партия да 29 пайыздан астам дауысқа қол жеткізді. Мандаттарды алдын ала бөлу нәтижесіне сәйкес, Ұлттық партия, Эй-Си-Ти ((ACT)) және Нью Зиланд Ферст ((New Zealand First)) партиялары 68 орын иеленуі мүмкін. Бюллетеньдерді санау шетелде жүрген азаматтар дауысы есептелгеннен кейін аяқталады. Ал сайлаудың ресми қорытындысы 27 қарашада жарияланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz