RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Канада компанияларына санкция салды

08.11.2026, 09:00 119

АҚШ Канаданың бірқатар компаниясына санкция салды.

Бұған олардың Ирандағы қаржылық операцияларға қатысы болуы мүмкін деген күдік себеп. Шектеулер валюта айырбастап, цифрлық активтермен жұмыс істейтін сегіз ұйымға қатысты енгізілген. АҚШ Қаржы министрлігі "компанияларды Иран валютасы риалды криптовалютаға айырбастауға және қаражатты шетелге шығаруға көмектесті" деп айыптап отыр. Санкцияға сәйкес, бірлестіктердің АҚШ аумағындағы активтері бұғатталды. Сонымен қатар АҚШ азаматтары мен ұйымдарына аталған компаниялармен кез келген іскерлік байланыс орнатуға тыйым салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz