RU
Толық нұсқаға өту

Парагвайда жаңа президент ант қабылдады

08.11.2026, 11:00 95

Парагвайда вице-президент Педро Альяна елдің жаңа басшысы ретінде қызметіне кірісіп, ант берді.

Салтанатты рәсім Парламент ғимаратында депутаттардың қатысуымен өтті. Өз сөзінде Педро Альяна қаржылық дағдарыстан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеп беруге уәде етті. Еске сала кетейік, Парагвайдағы ең ірі цифрлық банк банкротқа ұшырағаннан кейін елдің бұрынғы президенті қызметінен босатылып, қамауға алынды. Ұлттық банк оның қызметін бақылауға алып, активтерін бұғаттады. Үш миллионға жуық азамат банк карталарымен төлем жасай алмай, наразылық білдірген. Қазір билік цифрлық банктің жұмысын тоқтату мәселесін қарастырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz