Жапонияда магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан қаза тапқандар жоқ, бірақ 22 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Жер сілкінісінің ошағы Сидзуока префектурасында 40 шақырым тереңдікте орналасқан. Алайда ең күшті жерасты дүмпулері көршілес Айти префектурасында сезілді. Табиғи апат салдарынан дүкендердің әйнек сөрелері сынған. Жапония метеорологиялық агенттігі алдағы аптада бұдан да күшті жер сілкінісі болуы мүмкін деп ескертті. Жергілікті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Тегтер #Жапония #жер сілкінді #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz