Польшаның Краков қаласында атыс болып, алты адам қаза тапты. Тағы 16 адам ауыр жараланды. Қайғылы жағдайға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Елдің премьер-министрі оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады. Ресми ақпарға қарағанда, қолында суық қаруы бар ер адам көліктен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырып, кейін трамвайды атқылаған. Зардап шеккендердің арасында Австрия, Германия, Португалия, Ресей және Ұлыбритания азаматтары бар. Қылмыскердің өзі де оқиға орнында жараланып, ауыр халде ауруханаға түсті. Оның көлігінен қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
Тегтер #24KZ #Польша #жалпыұлттық аза тұту күні #лаңкестік әрекетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz