RU
Толық нұсқаға өту

Мысырда пойыз апатынан 7 адам опат болды

09.11.2026, 08:00 111

Мысырда 2 пойыз соқтығысып, 7 адам ажал құшты. Тағы 112-сі жараланған. Апат орнына 72 Жедел жәрдем көлігі жіберіліп, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Ем алып, жағдайы жақсарған 45 адам үйіне жіберілген.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық және халық министрлігіне сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қайғылы оқиға Гиза провинциясында болған. Президент Әбдел Фаттах ас-Сиси көңіл айтып, жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын мәлімдеді және тез арада тергеуді бастап, кінәлі адамды жауапқа тартуды тапсырды. 

Сарапшылар Мысырдың теміржол желісі ескіргенін, жиі апат болатынын алға тартады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz