Өскеменнің тарихи-өлкетану музейіне түркі ханзадасының тарихи деректерге сүйене отырып жасалған мүсіні қойылды.
"Оның бейнесін сомдауға «Елеке сазы» қорғанынан табылған жәдігерлер, Күлтегін бейнесі мен ежелгі түркі билеушілерінің тас мүсіндері негіз болды", - дейді мұражай қызметкерлері. Музейге келушілер экспонаттың ерекшелігін бірден байқайды. Шапанының өзі 14 мың алтын моншақпен әрленген. Жиегіндегі өрнектер қағандар мен тақ мұрагерлерінің киімінде ғана болған. Осылайша, сән-салтанаты жарасқан мүсін музейдің құнды жәдігеріне айналды. Жалпы 200 мыңға жуық экспонаты бар музей қоры жыл сайын толығып отырады. Биыл Тарбағатайдың Орта Ласты мекенінде бірнеше қорғанда археологиялық қазба жүргізілді. Ол жерден табылған заттар әлі зерттеліп жатыр.
Айсұлу Тоқан, экскурсия жетекшісі:
- Түркі ханзадасы негізі өте биік статус болған, бас киімі өте жоғары статуста болғанын көрсетеді. Бөрікті, бөріктің сыртындағы диадемасын көрсеңіздер болады және алдағы уақытта бұл экспонаттар қайта жасаудан кейін тағы да толықтырылатын болады.
Тегтер #Өскемен #музей #Түркі әлемі #24KZ #тарихи тұлғаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz