Патрульдік полиция қызметкерлері Астана-Петропавл республикалық автожолында болуы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алып, психостимуляторлық заттардың әсерінде болған ауыр жүк көлігінің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде полицейлер DAF жүк көлігін тоқтатты. 36 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы инспекторларға күдік туғызды. Сондықтан ол медициналық куәландыруға жіберілді, оның нәтижелері психостимуляторларды қолдану фактісін растады. Ер адам Петропавл қаласынан Макинск қаласына бара жатқан. Полицейлердің айтуынша, бірнеше тонналық жүк көлікті тізгіндей алмай қалған жағдайда, оның салдары қайғылы болуы мүмкін: ауыр жол-көлік оқиғаларынан бастап қозғалыстың басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Патрульдік полицейлердің уақытылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында қауіпті жағдайдың жолы кесіліп, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алды алынды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал құрылды. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Полицейлер көлік құралын есірткі немесе алкогольдік мас күйде басқару жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірі және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді.
Тегтер #Ақмола облысы #мас жүргізуші #полицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz