RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Австрияның заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастығы артады

05.03.2026, 15:09 33

Қазақстан мен Австрия заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастықты арттырады.

Енді аталған мемлекеттердің аумағынан азаматтарды өз еліне қауіпсіз әрі тиісті тәртіппен жөнелту процесі жеделдейді. Бүгін Сенат отырысында Қазақстан мен Австрия Үкіметтері арасында заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісім мақұлданды. Осы құжат аясында іске асатын шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, деді сенаторлар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қаралған келісім екі ел арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы шаралар қабылдау мақсатымен әзірленген. Осы құжат арқылы реадмиссия мен транзиттеудің құқықтық тетіктері айқындалып отыр. Келісімді ратификациялау тараптардың құзыретті органдарының заңсыз көші-қон саласындағы ынтымақтастығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ бұл заң  екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz