28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Маңызды саяси іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сонымен қатар қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы сағат 11:00-де басталады. Оны республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.
Тегтер #Таңдаулы #Қасым Жомарт Тоқаев #Мемлекет басшысы #жолдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz