Елге ресми сапармен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы күтіп алды. Ертең президенттер Ақаба процесі саммитіне қатысады.
Әлішер Әли, тілші:
- Памир тауынан Арқа даласына Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы күтіп алды. Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту жолдарын қарастыру үшін әуелі әуежайда аз-кем әңгімелеседі. Ал ертең Ақаба процесінің саммитіне қатысса, 7 қараша күні Ақордада делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы диполматиялық қатынас 1993 жылы қаңтардан басталды. 2015 жылы қыркүйекте стратегиялық серіктестік туралы келісімге, ал 2023 жылы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылды. Тараптар арасындағы ынтымақтастық көлік-транзит, энергетика,цифрландыру, ауыл шаруашылығы мен су ресурстары салаларын қамтиды. Екі ел арасындағы алыс-беріс те артып келеді. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналым жыл басынан бергі сегіз айда 1 миллиард доллардан асты. Тәжікстаннан жеміс-жидек пен ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Ал еліміз астық пен ұн экспорттайды.
Тегтер #Таңдаулы #Эмомали Рахмон #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz