Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Хун Манетке Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті айтулы мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталған.
– Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Камбоджа #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz