RU
Толық нұсқаға өту

Е. Рыбакина WTA-500 турнирінде жеңіске жетті

19.04.2026, 19:55 71

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпион атанды. 

Финалда ол чехиялық Каролина Мухованы ұтты. Бірінші сет тартысты болып, 7:5 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты. Матч бір сағат, 18 минутқа созылды. Рыбакина 161 мың 310 еуро қаржылай сыйақыға ие болып, рейтингте қосымша 500 ұпай еншіледі. Сондай-ақ жарыс демеушілерінен спорттық автокөлік алады. Бұған дейін жартылай финалда Елена Рыбакина ресейлік Мирра Андрееваны жеңген еді. Қазақстан теннисшісі дәл осы турнирде 2024 жылы да топ жарған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz