Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.
Отандасымыз 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижемен мәре сызығын жетінші болып кесті.
Ресей спортшысы Ангелина Новолодская жеңімпазы атанды. Аустралиялық Элси Аппс екінші орын алса, чехиялық Линда Ситкова қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, алғашқы 20 спортшы мәре сызығын бірдей уақытта кесті. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәреге келу ретіне қарай анықталды.
Тегтер #24KZ #спорт #веложарыс #Дакар #жасөспірімдер #ОлимпиадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz